Халықаралық қарттар күніне орай өткізілгеніс –шаралар » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық қарттар күніне орай өткізілгеніс –шаралар
05
ноябрь
2018

Халықаралық қарттар күніне орай өткізілгеніс –шаралар

Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі, өнеге.
«Қариясы бардың-дариясы бар»,- демекші мектебімізде 1–ші қазан күні «Қарияларға бас иеміз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, мерекелік кеш, концерт болды. Бұл күні осы мектепте жұмыс істейтін зейнеткер, қызмет атқарған мектебіміздің ардагер ұстаздары Ландик А.А, Литвинович Е.В, Меньшова О.Д мектепке шақырылып, оқушылар мен мектеп мұғалімдері қарттарға өздерінің өнерлерінкөрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып шапағатынабөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті.

Халықаралық қарттар күніне орай өткізілгеніс –шаралар




Сонымен қатар мектеп әкімшілігі қарттарды мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін білдірді. Қарттар ризашылығын білдіріп,алғыстарын айтты. Қарттар мерекесіне арналып «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбы бойынша қабырға газеттері шығарылды және бастауыш сыныптарда суреттер байқауы өткізілді. Мектептің тәлімгері А.Абилхаирова «ЖасҰлан» ұйымымен бірлесе «Қарты бардың қазынасы бар» ұранымен ауыл қарттарының үйіне барып, көмек көрсетті.

Қорыта айтқанда, барлық жасаған сый – сияпаттарымызға еңбек ардагерлері риза болып, алғыстарын білдірді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив