05
ноябрь
2018
«Талмен бірге өсейік» атты күзгі көгалдандыру акциясы
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде 2018-2019 оқу жылының күзгі мезгілінде туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосуға баулу мақсатында мектебімізде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде қыркүйек-қазан айларында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы Туған жер бағдарламасын басшылыққа ала отырып «Талмен бірге өсейік» атты күзгі көгалдандыру акциясы өткізілді. Осы акцияда мектеп ауласына 40 түп жеміс ағашы отырғызылды. Мектеп ауласын көгалдандыру бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде мектеп ауласына егілген ағаштар мен бұтақтар оқушыларға қызмет жасауытиіс. Аулаға отырғызылған бір ағаштың қоршаған ортаға маңыздылығы зор. Сонымен қатар, ағаштардың егу тәртібі мен олардың бір бірінен арақашықтығы да көгалдандыру заңдылығына сәйкес отырғызылуда.


