Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазан айында атқарылған іс-шаралар » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазан айында атқарылған іс-шаралар
05
ноябрь
2018

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазан айында атқарылған іс-шаралар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық жоспар негізінде мектепішілік жоспар жасалынып, бекітілді.
2018 жылдың 5 қазан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Мемлекет басшысының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. Осы арқылы ол өзінің жастарға үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жастар қолдайды! Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Осы мақсатта мектеп ұжымымен, ата-аналармен және оқушылармен Елбасының халыққа Жолдауын қолдау жиналыстарын өткіздік.

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазан айында атқарылған іс-шаралар


Сонымен қатар «Рухани келісім-тұрақтылықтың іргетасы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен кездесу болды. Кездесуге №48 жалпы білім беретін мектебінің директоры- Нұралбеков Р.А және Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Османов Айвас Магадиевичпен кездесу болды.




Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі, өнеге.
«Қариясы бардың-дариясы бар»,- демекші мектебімізде 1–ші қазан күні «Қарияларға бас иеміз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, мерекелік кеш, концерт болды. Бұл күні осы мектепте жұмыс істейтін зейнеткер, қызмет атқарған мектебіміздің ардагер ұстаздары Ландик А.А, Литвинович Е.В, Меньшова О.Д мектепке шақырылып, оқушылар мен мектеп мұғалімдері қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып шапағатынабөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив