Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы
05
ноябрь
2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы

[/center]Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы [/center]
Мектебімізде 2018-2019 оқу жылының қазан айында«Ойтал» ауылдық округі әкімінің орынбасары- Оспанбекова Г.Ж, әскери орынының бас маманы Өзбекбаев Н, мектеп ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын талқылау мақсатында жиналыс өтті. Жиынды ашқан мектеп директоры- Жақсылықова Ғ.Х Елбасының кезекті Жолдауының мазмұнының тереңдігіне тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін Елбасы Жолдауының өз ерекшелігі бар екендігін айтып, елдің игілігіне бағытталған басты құжатта ел өміріне қатысты салмақты дүниелер мен әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етілетіндігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы біз талқылап отырған Жолдауында былай деген болатын: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы –Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Әсіресе, Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы біз үшін үлкен жаңалық болды деп айта аламын. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан жақты қолдау. Президент тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін.
Келесі кезекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыАбдуалиева Б.М «Ұстаз мерейін өсірген жолдау» атты баяндамасын жасады. Ерекше қуантатыны, халықаралық ұстаздар күніне арналған Елбасының екі жақсы бастамасы, ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы.Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін — ұстаздар. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге өте қиын болады.Жалпы елдің тұрақтылығы, бірлігі болып жатқан өзгерістер кезінде, экономикалық тұрақсыздық кезінде өте жақсы қоғамға, әсіресе, ұстаздарға, балаға деген ерекше мән беріп, ерекше мейірімділікпен сол проблемаларға қарау, меніңше, біздің қоғамның келесі дамыған сатысында екенін көрсетеді. Сонымен қатар елбасы өз сөзінде: Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек»,-деп айтып өтті.Президенттің әр тұжырымы, әрбір тапсырмасы біздің көкейімізден шықты. Бұл Жолдау – Қазақстанды одан әрі гүлдендіре берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын ұзақ мерзімді бағдарламасы. Ендігі міндет – Президент алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру.Жиналысқа қатысқан қонақтар мен мектеп ұжымы Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына негізгі бағыттарын талқылап, бірауыздан қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдуалиева Б.М
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив