04
апрель
2018
«Үш тұғырлы тіл – ұлттың кемел келешегіне жасалған қадам»
Көп тілді білу – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып отыр. Сондықтан да елімізде үштілді саясатты жүргізу барысында үш тілдің орны, беделі, қолданыс аясы мұқият болуды қажет етеді. Әйтпесе әр тілдің орнын белгілеуде шатасудың орын алуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде осы тілдік саясатты жүзеге асыру барысында сыни пікірлер айтылып жатқаны, осы ойымызды дәлелдейді. Ағылшын тілінде білім алып, жұмыс істеу мақсатындағы көп тілділік заманауи талапқа сәйкес пайда болды. Бүгінгі мектеп түлектері – ертеңгі университет студенттері мен мұғалімдер, зерттеушілер мен ғалымдар және болашақ мамандар. Қазақ тіліне басымдылық бере отырып, жүргізіліп жатқан «Үш тұғырлы тіл» саясатының мақсаттары айқын және оның қарқынды дамуы керек екендігіде сөзсіз. Сонымен қатар, ол әлем өркениетіне бейімделген, бәсекеге қабілетті адамды дайындайтын үш тұғырлы білім мақсаттарымен үйлесімді болатыны хақ. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде игеру болашақ ұрпақ үшін аса қажет болады, онсыз халықаралық деңгейге шығу да мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда қазақ, орыс, ағылшын тілді қолдану, енгізу туралы ойды тұңғыш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында жариялады. Ал, 2007 жылы Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» «Триединство языков» мәдени жобасын қолға алуды ұсынған болатын. Бұдан кейін 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді»,-деді [1]. Осылайша, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді деп көрсетті.
Көптілділік қазақ тілінің даму көкжиегін кеңейтеді, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл –әмбеге аян іс. Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексін иемденген озық 10 елде көптілділік жақсы дамыған. Солардың сегізіндегі негізгі тіл – ағылшын тілі. Еуропалықтардың 54 пайызы кем дегенде бір шет тілінде, 25 пайызы – 2, 10 пайызы 3 шет тілінде сөйлейді екен. «English First» халықаралық рейтингі бойынша халқы ағылшын тілі жақсы дамыған елдерде тұрғындардың жан басына шаққандағы табысы жоғары, жастардың жұмыссыдығы аз, адами капитал деңгейі биік, бизнес-климаттың жақсы екендігі анықталып отыр.
Ең бастысы, үштілді білім беруді іске асыру халықтың барлық топтарын біріктіреді, қазақ және орыс тілінде сөйлейтін қауымның ортақ ақпараттық өрісте топтасуына, бірін-бірі неғұрлым жақсырақ түсінуіне, жүрекпен ұғысуына мүмкіндік береді. Біздің діттегеніміз де сол емес пе? Жалпы үштілділік не үшін қажет? Иә, бұл мәселе бүгінгі күні, дәл қазіргі сәтте өте өзекті. Алайда бұл мәселені жаппай қолдау қоғамымызда әлі де нақты тұжырымдалған жоқ. Әсіресе, ата-аналар жағы тілімізді жоғалтып аламыз ба, балаларымыз екі тілде сөйлеуі керек пе деген секілді үлкен үрей құшағында. Шын мәнінде бұл мәселе тәуелсіздігімізді алып, өз алдымызға ел болып қалыптасқан сәттен бастап көтерілген-ді. Тоқсаныншы жылдардың өзінде біздің томаға-тұйықтық жағдайында қалып қоймауымыз үшін әлемдік білім кеңістігіне кірігуіміз қажет болды. Бұл мәселе сол кезде туындады. Ағылшын тілін үйрену қазақтарға аса қиындыққа да түспейді. Өйткені, сөйлеу мәнері – транскрипциясы бір. Үштілділікті енгізу мәселесі педагогикалық-психологиялық, ғылыми-эстетикалық тұрғыда терең зерттелініп, дәрігерлік қорытындысы жасалған. Одан балаға келер ешқандай да ауырлық жоқ.
Елдің бәрі диссертация жазбай-ақ қойсын. Түптің түбінде шетелге шығуы әбден мүмкін ғой! Олар біз жайлы аса көп білмейді. «Жапон» немесе «қытай» деп ойлап қалады. Сол кезде үндемей қалсаң, ыңғайсыздық туындайды. Ал өз елің, тілің, ділің, ұлттық ерекшеліктерің, табиғи көркем жерлерің көптігі туралы оларға өз тілдерінде жатық әңгімелеп берсең шетелдіктердің саған, сенің еліңе, жеріңе деген қызығушылығы арта түседі. Қазақ тілін үйренуге де ықылас танытуы мүмкін. Екі арада сыйластық туындайды. Бұл жаман ба?
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Бұл мәселе біздің аналарымызға, бесік тәрбиесіне де байланысты. Балаңды бесікке сал да, бесік жырын айт! Ертегі емізіп өсір! Қазақша тілін сындыр, салт-дәстүр, діліңді бойына сіңір, сөйт те мектепке бер. Мектеп, мейлі, бес тілде оқытсын, одан баланың діліне, тіліне келер еш нұқсан жоқ.
Ендігі жерде біз балаларымыздың ағылшын тілін игеруіне, ана тіліне де ұмытпай уақыт бөліп отыруына бірлесе жұмыла кірісуіміз керек. Қазіргі балалар ақылды, алғыр. Олардың бұған шамасы келеді. Білім негізі нақ осы балалық шақта қалыптасады. Ата-аналар өз балаларының қабілетіне, болашағына сенсе, олардың өмірде табысты болуын қаласа, тілдің үштұғырлылығы саясатына түсіністікпен қарауға тиіс. Балаңыз Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, барлық әлемде бәсекеге қабілетті боларын білсеңіз, жақсы жұмысқа орналасып бақуатты өмір кешетініне сенсеңіз, одан артық не керек. Олай болса, көптілділік, үш тұғырлы тіл ұлт келешегінің де, ұрпақ келешегінің де кілті екендігі әрқашан әрқайсымыздың қаперімізде жүргені ләзім.

Баяндамашы: Тоңбай М.А.