“Дыбыстың шағылуы деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Дыбыстың шағылуы деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді
19
январь
2024

“Дыбыстың шағылуы деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді

  Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “Ә” сынып мұғалімі Асанқұлова Г.И. жаратылыстану пәнінен “Дыбыстың шағылуы деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында балалар үш топқа бөлінді. “Зымыран сұрақтар” әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. “Дыбыс қалай таралады?” бейнежазбасын көру арқылы балалар жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтады. Топтық тапсырмада зерттеу жұмысы жүргізілді. 1- топ 3 шыны стақанға әртүрлі мөлшерде су құйып, дыбыстардың таралуын зерттеді. 2- топ цилиндрдің ішіне сағатты салып, сағат дыбысының қалай таралатынын зерттеді. Балалар дыбыстың кедергіге ұшырау себебінен сағаттың дыбыстың бәсең естіледі деген қорытынды жасады. 3- топ музыкалық аспаптардың дыбысы қалай күшейетіндігіне зерттеу жұмысын жүргізді. Балалар домбырада және қобызда күй орындап, дыбыстың бәсеңдеуі мен күшеюіне зерттеу жұмысын жүргізді. “Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі арқылы жұптық жұмыста балалар “Орманды жерде жаңғырық бола ма?” сұрағына жауап іздеді. Балалар дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары әрбір ағашқа барып шағылып, жан - жаққа таралатынын анықтады. Балалардың ғылыми сауаттылығын арттыру мақсатында тест тапсырмалары орындатылды. Сабақты “Бір сұрақ” әдісі арқылы қорытындылады. Әр тапмырмадан соң мұғалім оқушыларды бағалап отырды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив