“Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ”
19
январь
2024

“Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ”

  Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “А” сынып мұғалімі Сарсебаева Ғ.А. әдебиеттік оқу пәнінен “Не жауып тұр? Қастек Баянбай, Жаңбырға екі өтініш. Несіпбек Айтұлы”тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында балалар “Қар, бұршақ, жаңбыр” болып үш топқа бөлінді. Мұғалім “Ілгіш” әдісі бойынша балаларға сұрақ қою арқылы үй жұмысын тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын ауа райы тақырыбына байланысты бейнежазба көрсету арқылы анықтады. Бейнежазба бойынша сұрақтар қойып, осы тақырып бойынша не білетіндерін, нені білгісі келетіндерін анықтады. “Спиральді оқыту” әдісі бойынша Қастек Баянбайдың “Не жауып тұр?” өлеңімен танысты. Осы әдісті пайдалана отырып, “Қатемді тап” ойынын ойнады. Несіпбек Айтұлының “Жаңбырға екі өтініш” өлеңін “Сөздерді тап” ойыны арқылы оқыды. Жұптық жұмыс “Жұмыртқа аршу”, “Жасырын тапсырма” әдісі арқылы ұйымдастырылып, берілген тапсырмаларды орындады. “Поэзия минуты” әдісі бойынша бірінші топ “Не жауып тұр?”, екінші топ “Жаңбырға екі өтініш” өлеңдерін жатқа айтып шықты. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі бойынша оқу сауаттылығын арттыру мақсатында әр оқушыға тест жұмыстары ұсынылды. “Бір ауыз сөз” әдісі бойынша сабаққа рефлеския жасалды. Әр тапсырмадан соң мұғалім балаларды бағалап отырды. Сабақ мақсатына жетті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив