11
январь
2024
“Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 “Ә” сынып мұғалімі Нұрманова Э.Б. математика пәнінен “Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында мұғалім сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып, білім алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Үй жұмысын “Лейс” әдісі арқылы тексерді. Бейжазба арқылы жаңа сабақты түсіндірді. Топтық жұмысты “Пирамида. Жасырынбақ” ойыны әдісі арқылы ұйымдастырды. Балалар топтық жұмыста қалдықпен бөлуге арналған есептерді шешу арқылы пластик стакандардан пирамида құрастырды. “Асықтар” ойыны әдісі арқылы балалар жұп болып тапсырмалар орындады. Жұптық тапсырмада ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әр асықтың астында жасырынған ұлттық киімдер, ыдыс-аяқ суреттерінің атауларын атау арқылы ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу керектігін түсінді. Тақтамен жұмыс “Барабан” әдісі арқылы жүзеге асырылды, барабаннан есімдері шыққан балалар тақтада тақырыпқа байланысты есептер шығарды. Әр тапсырмадан балалар бағаланып, “екі жұлдыз бір тілек”, “бутерброд” әдістері арқылы балаларға кері байланыс беріліп отырды. Сабақ соңында “Телефон” әдісі арқылы білімдері бағаланып, рефлексия жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті, жоғары деңгейде өткізілді.



