16
февраль
2023
“Ит - адамның досы” тақырыбында ашық сабақ өткізді
“Білім негізі - бастауышта” деп аталатын бастауыш сынып ӘБ айлығының жоспары аясында
2023 жылдың 16 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін орта мектебінің 4 “А”сынып мұғалімі Алимкулова С.С. әдебиеттік оқу пәнінен “Ит - адамның досы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа форматтағы белсенді әдіс - тәсілдерді пайдаланды. Сабақ басында білім алушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызып, үй тапсырмасын “Тарсия” әдісі арқылы тексерді. “Ой шақыру” әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтады. Оқулықпен жұмысты “Төңкерілген” әдіс арқылы ұйымдастырды. Ерекше білімді қажет ететін білім алушымен жұмыс орындалды. Әр тапсырма бағалау критерийіне, білім алушылар деңгейіне сай алынған. Білім алушылар тапсырмаларды қызыға орындап, сабақ барысында белсенді болды. Сабақ соңында білім алушылардың өзін - өзі бағалауы “Әуе шары” әдісі арқылы ұйымдастырылды. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.