16
январь
2024
“Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ”
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “Б” сынып мұғалімі Шолпанбаева Г. қазақ тілі пәнінен “Зат есім туралы не білдім?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында мұғалім сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып, білім алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. “Жебе” әдісі балалар зат есім, сан есім, сын есім болып, 3 топқа бөлінді. Үй жұмысын “Фри” әдісі арқылы тексерді. Жұптық жұмыс “Қоңыз” әдісі ұйымдастырылып, он жұпқа он түрлі тапсырма берілді. Тапсырмадан сон жұптар бір- бірін бағалады. Балалардың жылдамдықтарын байқау мақсатында “Кім жылдам?” әдісі арқылы жеке жұмыс ұйымдастырылды. Жеке жұмыста балалар берілген зат есімдердің түбірін, жұрнағын және жалғауын тапты. “Класстер” әдісі арқылы зат есім туралы не білетіндерін қорытындылады. Әр тапсырмадан сон оқуышылар бірін- бірі, өзін- өзі бағалап отырды. Мұғалім әр тапсырмадан сон “Датс” әдісі арқылы оқушыларды бағалап отырды. “Ұшаққа хат” әдісі арқылы балалар сабаққа рефлексия жасады.











