“Күннің достарын білесің бе?” тақырыбында ашық сабақ өткізді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Күннің достарын білесің бе?” тақырыбында ашық сабақ өткізді
20
январь
2024

“Күннің достарын білесің бе?” тақырыбында ашық сабақ өткізді

  Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 2 “Ә” сынып мұғалімі Турениязова З.М. жаратылыстану пәнінен “Күннің достарын білесің бе?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында мұғалім психологиялық жағымды ахуал орнатып, “Біліміңді қолдан” әдісімен үй тапсырмасының орындалуын тексерді. Жаңа тақырыпқа дайындық ретінде балалар күн жүйесіндегі планеталар туралы макеттерімен таныстырды. “Болжам” әдісі арқылы балалар мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтады. Тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіліп, жаңа тақырып бойынша мағлұматтар берілді. “Ғаламшарлар қалай қозғалады?” сұрағына жауап табу мақсатында балалар мұғалімнің көмегімен бірлескен зерттеу жұмысын жүргізді. Жұптық жұмыста “Үштік” әдісімен зерттеу жұмысына қорытынды жасалды. “Галереяда ой шарлау” әдісімен балалар топтық жұмыста күн жүйесіндегі планеталарды ретімен орналастырды. “Қоқыс жәшігі” әдісімен балалар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылады. “Зымыран” әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасалды. Сабақ барысында балалар бағалау парағының көмегімен өз- өздерін бағалап отырды және әр тапсырма сайын мұғалім балаларды мақтау, мадақтау сияқты әдіс - тәсілдермен бағалап отырды. Балалармен кері байланыс орнатып, әр тапсырма сайын талқылау жұмыстарын жүргізді. Сабақ өз мақсатына жетті, балалар сабаққа белсене қатысты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив