05
июнь
2023
“Мемлекеттік рәміздер - еліміздің нышаны” тақырыбында бірыңғай гимн орындады
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің айқын нышаны. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай 2023 жылдың 5 маусым күні мектеп алаңында жазғы сауықтыру лагерінің балалары “Мемлекеттік рәміздер - еліміздің нышаны” тақырыбында бірыңғай гимн орындады. Әрбір бала “Қазақстан - менің Отаным, ол мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын” деген ойды бойына сіңіріп өсетіндей болуы үшін топ тәрбиешілері балаларға мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы, шығу тарихы, оған қатысты қызықты оқиғалар жөнінде тренингтер и викториналар өтті. “Рәміздерді қасиеттеп, құрметтеу” тақырыбында лагерь балалары асфальтқа сурет салды. Ондағы мақсат мемлекеттік рәміздер - елдіктің символы, тәуелсіздігіміздің маңызды белгісі екенін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қадірлеу, оның мән - мазмұнын білу, патриотизмді қалыптастыру әрбір қазақстан азаматының парызы.








