«Рәміздер-елдігімнің реңі» тақырыбында мектепішілік жиын болып өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рәміздер-елдігімнің реңі» тақырыбында мектепішілік жиын болып өтті
03
июнь
2022

«Рәміздер-елдігімнің реңі» тақырыбында мектепішілік жиын болып өтті

   4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет екенін көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай 2022 жылдың 4 маусым күні мектеп алаңында жазғы сауықтыру лагері балаларыны «Рәміздер-елдігімнің реңі» тақырыбында бірыңғай Гимн орындап, мектепішілік жиын болып өтті. Жиында мектеп директоры- Н.Т.Мырзаханов барлық білім алушыларды рәміздер күнімен құттықтап, ізгі ниет білдірді. Музыка жетекшісі С.Раймаханованың ұйымдастыруымен ««Елбасымен еңселі, туымен тұғырлы» атты шағын концерт өтті. Концерт барысында «Егемен Қазақстан», «Отан», «Жаса, Қазақстан!» әндері нақышына келтіріліп айтылды. Осы орайда әрбір бала «Қазақстан –менің Отаным, оның мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын» деген сияқты қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болған жөн екенін сезіне білді. Салтанатты жиыннан кейін «Дойбы», «Шахмат», «Асық ату», «Волейбол» үйірме жетекшілері «Мемлекеттік рәміздер еліміздің нышаны» тақырыбында оқушылармен әр түрлі жарыстар ұйымдастырып, «Құлыншақ», «Көгершін», Күншуақ», «Солнышко» топ жетекшілері «Рәміздерім мақтанышым» атты суреттер байқауын өткізді. Байқау барысында оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, ішкі сезімдерін, қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылықтарын шыңдай түсті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив