«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел
04
декабрь
2018

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебіндегі
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен
дөңгелек үстелдің анықтамасы
[/center]

Қазақстан халқы тәуелсіздігін алып, егемен мемлекетке айналды. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігін бейнелейтін ажырамас ерекше белгі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран. 2007 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы қабылданған.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде «Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі» атты 9 сыныптармен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімді жалпылау; танымдық қызығушылықты дамыту, мемлекеттік рәміздер бойынша ой-өрісті кеңейту; Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, тарихи өткені мен халықтарының дәстүрлерін сыйлауға үйрету; патриоттық сезіміне және Отанды сүюге тәрбиелеу. Іс-шараның қонақтары мұғалімдер мен «Ойтал» ауылдық округінің әкімдігінің қызметкерлері болды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Бекзат Макеновна мемлекеттік рәміздердің тарихы, авторлары жайында әңгімеледі. Ауыл әкімінің орынбасары Гаухар Оспанбекова дөңгелек үстелге қатысушыларды мерекемен құттықтады және рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігінің мықты тіреуі болып табылатынын, әрбір азамат оларды сыйлауға тиіс екендігін еске салды. Келген қонақтар еліміздің соңғы жылдардағы спорттық, саяси және мәдени жетістіктерін талқылады, оларға салтанат көрсеткенде гимн орындалды.
Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі туралы оқушылар презентация жасады. «Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік» ұраны аясында оқушылармен бірлесе отырып Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу жолында қандай шараларды ұйымдастыруға болатындығын талқыланып,жарияланды.

[center]«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен  дөңгелек үстел

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив