04
декабрь
2018
«Заңнаманы жетілдіру – жемқорлыққа қойылар тосқауыл!» атты мектеп ұжымымен өткен дәріс

[/center]
Мектебімізде 2018 жылдың қараша айының 7-сі күні мектеп ұжымымен «Заңнаманы жетілдіру – жемқорлыққа қойылар тосқауыл!» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Мақышов Қ дәріс оқыды. «Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет»,- деп Н.Ә.Назарбаев сөзімен өз баяндамасында Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отырғандығын, Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар туралы айтып өтті. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналған. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан зор кесел келтіретін осындай келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мәселесінің маңызы уақыт өткен сайын артпаса, кеміген емес. Жалпы біз, жемқорлық ұғымын қалай түсінеміз? Жемқорлық ұғымына этимологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, жемқорлық, яғни коррупция латынның «corruptio» деген сөзінен шыққан, аудармасы «сатып алу», «пара беру». Сонымен қатар, Рим құқығында «сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу» ретінде түсіндірілетін және де тиісінше заңға қарсы келетін әрекетті «corrumpire» ұғымымен белгілеген. Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер түрі. Жемқорлықтың негізгі белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе арадағы делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған әркеттері үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы не болмаса мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы. Туыстық, жерлестік және т.б. жақындарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді. Олар: жекелеген лауазымды қызметкерлер және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет; бірнеше лауазымды қызметкерлердің бірігіп жасаған жемқорлық қылмысы – сыбайлас жемқорлық деп аталады,- деп мектеп ұжымына түсіндіріу жұмыстарын жүргізді.
[center]