«Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесі
«Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесі
2017 жылдың 2 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз- ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардыңМемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Мерекелік шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Шараға Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері, сонымен қатар жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, Қызылорда темір жол учаскесі мен станциясы әскери қатынастар коммендатурасы әскери комендантының аға көмекшісі аға лейтенант Жақсылық Ердәулет Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жылдық мерекесімен құттықтап, «жүрегі қазақ деп соққан әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді мақтан тұту керек», - деп өз ойын білдірді. Жастар мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды, патриоттық әндер орындалды.
Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы»т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді басылымдар мақалалар қойылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды
Орталық аудандық кітапхана «Ел рәміздері-тәуелсіздік айғағы»
4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Орталық аудандық кітапхана кітапханашыларының ұйымдастыруымен ЖББ №2 орта мектебінің 9 сынып оқушылары және ұстаздары Л.А.Аманова мен А.З.Касымованың қатысуымен «Ел рәміздері-тәуелсіздік айғағы» атты ауызша журнал өткізілді.
Шара Қазақстан Республикасынның Әнұранымен басталды. Ауызша журнал 4 бөлімнен: Тұнғыш Президент, Еңселі Елтаңба, Тұғырлы туымыз, Асқақтаған Әнұран тұрды.
Шараның мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Орталық аудандық кітапхана кітапханашысы Б.А.Бергалиева оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толық мағұлмат берді. Арнайы жасақталған «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмесіне библиограф А.Ергалиева библиографиялық шолу жасады. Кітапханашы А.Губайдулина «Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты» атты слайд-презентациясын таныстырды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпақтары Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады деп кітапхана меңгерушісі Джусупова Н.К. шараны қорытындылады.
Орталық балалар кітапханасы«Рухты асқақтатар рәміздер»
тақырыптық сағат
2015 жылдың 4 маусым күні Орталық балалар кітапханасында «Рухты асқақтатар рәміздер» атты мектептегі тыс жұмысы орталығының «Балдаурен» профильдік лагерінің балаларымен бірге тақырыптық сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың Қазақстан туралы білімінін кеңейту, Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Әнұраны және Елтаңбасын қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
ОБК меңгерушісі В.С.Кужабергенова: «Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту, Әнұран» туралы айтты.
Лагерь оқушылары Отан, Туған ел туралы мақал-мәтелдер, өлендер айтып, «Кім алғыр» атты викториналық сұрақтарға жауап берді.
Венера Сериккалиевна «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жүргізді.
Шара сонында ОБК ның кітапханашылары рәміздер мерекесіне арналған іс-шараға белсенді қатысқан лагерь балаларына алғысын айтып, оқырмандарға естелік сыйлықтарды табыстады.
Орталық балалар кітапханасы филиалы «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш» ертеңгілік
2015 жылдын 4 маусым күні Орталық балалар кітапханасы филиалында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай №1 балабақша – кешенінің жанындағы «Ақ желкен» демалыс лагері оқушыларының қатысумен «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш» атты ертеңгілік өтті.
Іс – шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылып, қазақ тілінде өткізілді. Кітапханашы С.Ш.Аленова жас оқырмандарды Мемлекеттік рәміздер тарихымен таныстыра отырып, «4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Балалар танымдық викторина сұрақтарына жауап беріп, белсене қатысты. Чурин Аманбек, Сайлауова Айдана, Куанаева Әдемай, Есіркепов Азамат сынды оқушылар Мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдерін оқып, әңгімелеп берді.
Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» ауызша журнал
4 маусымда Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты ауызша журнал оздырылды.
Шараға қазақ және орыс мектептерінің оқушылары қатысты. Шара әнұранды орындаумен басталды. Ауызша журнал үш бөлімнен тұрды: Еңселі Елтаңба, Тұғырлы туымыз, Асқақтаған Әнұран. Нұрбаева Жанерке, Кульдубасов Мирас, Ныгметов Рахман, Сахметова Алсу, Уварова Надя сынды оқырмандар рәміздер туралы тақпақтарын мәнерлеп айтты. Кітапханашылар ҚР рәміздері туралы слайд дайындап, оқырмандар назарына ұсынды.
Ақбұлақ ауылдық кітапханасы. «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік белгісі» тақырыпты кеш
2015 жылдың 4 маусым күні кітапханада Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арнап «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік белгісі» атты тақырыпты кеш жазғы лагердегі 3-6 сынып оқушыларының қатысумен өткізілді. «Ел рәміздері – тәуелсіздік айғағы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.
Кітапханашы оқушыларды мерекемен құттықтап, кеш ән ұранмен басталды. Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы толық мәлімет алды және рәміздер туралы өлеңдер мәнерлеп оқылды. Оқушыларға рәміздерге байланысты викториналық сұрақтар қойылды.
«Мемлекеттік рәміздер -ұлт мақтанышы»
4 маусым Аудандық орталық кітапхана оқу залында Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстану секторының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы» атты шара болып өтті.
Бұл шараға жасөспірім оқырмандар шақырылды. Шараның мақсаты - жас оқырмандарға еліміздің рәміздерінің шығу тарихын таныстыру. Мемлекетіміздің қасиетті рәміздерін: елтаңбасын, туын, әнұранын қадір тұтып қастерлеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара басында сөз алған сектор меңгерушісі Г.У. Малбагарова қатысушыларды мерекемен құттықтап өтті. Содан соң Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. «Рәміздерім- елдігімнің нышаны» атты слайдқа шолу жасалды.
Кітапханашы Ж.Ж. Мухамбетова «Қазастан Республикасының рәміздері атты» кітап көрмесіне шолу жасап өтті. Шараға қатысқан оқырмандар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді















