10
март
2023
«Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары» атты дәріс берді.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Жалпы Елтаңба, Ту, Гимн -Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Біздің еліміз бірлік пен келісімнің нәтижесінде қарыштап дамып, өркендеп келеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимні мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Еліміздің әр азаматы еліміздің басты нышандарын қадірлеп, ерекше құрметтей білуі тиіс. Осы ретте, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, рухани бірлік қоғамын нығайтуға, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі- Л.Мустафина 8-10 сынып білім алушыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, еліміздің құндылықтарын сіңіру мақсатында «Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары» атты дәріс берді.