26
февраль
2020
«Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты ұлттар достығының фестивалінің анықтамасы
Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында2020 жылдың 14 ақпан күні «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты ұлттар достығының фестивалі өтті. Фестивальға 1-4 сыныптар қатысып, оқушылар берілген ұлттарды таныстырып, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерімен тату өмір сүріп, олардың әдет-ғұрпы мен салт дәстүрлерін сыйлайтын достық қатынастарын көрсете отырып, ең үздік өнерлерімен танылған 2 «Ә» сыныбы Қазақ ұлты «Бас жүлдені» иеленді.


