01
март
2019
«Ризашылық- мейірімділік бұлағы» алғыс күні
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің Алғыс күніне арналған «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының мерекелік іс-шаралардың анықтамасы
Мектебімізде 2019 жылдың ақпан айында балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани адамгершілігін дамыту; Жалпы тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғысының, қайырымдылық, достық пен махабаттың негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту мақсатында Алғыс күніне арналған «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» тақырыбында жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының мерекелік іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 8 сыныптарда «Мен алғыс айтамын»
9 сыныптар«Дәстүр- халқымыздың рухани өзегі»
10 сыныптар«Қол өнер- тәрбие көзі»
11 сыныптарында«Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі» шығармалар байқауы өтті.
Осы акция аясында мектепте жетім, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында «Мейірімділік- асыл қасиет» атты тақырыпта концерт өткізілді. Концертте қайырымдылыққа арналған қаржылай көмек көрсеткісі келетіндерге арнайы жәшік қойылды. Жүрегі жомарт жандар көп болып, жәшікке 45000 (қырық бес мың) теңге көлемінде қаражат жиналды. Ол қаражатқа жағдай төмен отбасынан шыққан 5 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары сатып алып, көмек ретінде берілді. Жеке кәсіпкер Музарапов Тахиржан осы оқушыларға көмек ретінде 50000 (елу мың) теңге көлемінде қаражат берді. Ол қаражатқа 10 оқушыға спорттық киімдер мен аяқ киімдер, қыстық аяқ киімдер, мектеп формасын алып берілді.

«Мейірімділік-асыл қасиет» атты тақырыбында өткізілген концерт

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Осы орайда мектебіміздің би жетекшісі- Раймаханова С 7-9 сыныптар арасында «Ризамын» атты флешмоб ұйымдастырды

«Алғыс айту- жақсылықты дарыту» тақырыбында қарым-қатынас сағаттарын мектеп психологы Исаева Н ұйымдастырды. «Алғыс айту қоржыны» акциясы, «Мұғалімдер, сізге алғыс айтамыз!» атты тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар барлық сыныптарды «Бір Отбасы-бір Отан» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар өтті.

Сонымен қатар өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған рухына тағзым ету мақсатында «Ауғанстан- жүректегі жара» атты 10-11 сынып оқушылары мен Ауған соғысы ардагерлерімен дөңгелек үстел өтті. Ауған соғысы ардагерлерінен мектебімізге Әбілхаиров Серік Артықбаевич, Муктанов Сексенбай Шоқыбаевич, Ауған Пернебек ағайларымыз келіп мектеп оқушыларымен соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып, әсерлі әңгіме жүргізді. Келген қонақтарымыздың құрметіне дарынды оқушыларымыздың атынан сый ретінде музыкалық сәлемдеме жолданып, концерт ұйымдастырылды. Мектеп директоры Ғ.Х.Жақсылықова келген қонақтарға алғысын айтып, мектебіміздің атынан сыйлықтар табыс етті.