«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы
05
ноябрь
2018

«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік алғашқы қоңырау сағ 9.00-де басталды. Мерекені мектеп мұғалімдері- Исаева Н мен Абилхаирова А жүргізді. Алаңға алдымен мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерін салтанатты түрде қарсы алдық.
Салтанатты мерекеге ауданымыздың құрметті қонақтары- Ойтал ауылдық округінің әкімі жанындағы аппарат жетекшісі – Көшербаев М.Д, АББ кадр меңгерушісі – Құралай Қуатқызы қатысты. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры-Жақсылықова Ғ.Х, келген қонақтарға берілді. Олар өз сөзінде оқушылар мен ата- аналарды Білім күнімен құттықтап, жас бүлдіршіндерге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз Отанының патриоты болу- бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!» сөзімен жігерлендірді. Елбасының биылғы жолдауындағы басымдық берілген міндеттердің бірі-адами капитал болып отыр.Адами капиталдың жаңа сапасы бүгінгі күнгі өзекті мәселе екені даусыз. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық шет тілдерін меңгерген озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандағы біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс деп көрсетілген. Кез-келген қоғамда жастардың бет түзейтін идеалы болуы болашақ үшін маңызды десек, Елбасы жолдауында қандай адам мемлекеттің құнды капиталы бола алатынын нақты көрсетіп бергендей алғашқы білім беру сабақтары 1-4 сыныптар үшін «Рухани жаңғыру: Мен- елімнің ертеңімін!», 5-6 сыныптар: «Рухани жаңғыру-қазақстандық патриотизмнің негізі», 7-8 сыныптарда: «Рухани жаңғыру туған жер тұтастығы мен ел болашағы», 9-11 сыныптарда: «Рухани жаңғыру- заманауи тұлғаның дамуының кепілі» тақырыптарында жүйелі сабақтар болды. Барлық сыныптар безендірілген, тәрбие сағаттары жоғары дәрежеде өтілді.


«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы


«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы


Биылғы оқу жылында мектеп партасына 1080 оқушы отырды. Сонымен қатар жағдайы төмен отбасынан келген оқушыларға қолдау көрсеткен демеушілерге рахмет айтылды. «Мектепке жол» акциясына байланысты мектептегі құрылған қамқорлық кеңесінің жұмысы туралы айтылып өтті. Мектептегі жетім және жартылай жетім, жағдайы төмен отбасынан келетін - 33 оқушыға 495000теңгеге мектеп формасы сатып алып берілді. Осы акция аясында мектеп мұғалімдері мен ата- аналар тарапынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп сумкасы, оқу құралдары берілді. Барлық оқушылар мектеп формасын киді.

«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие ролі!» тақырыбындағы салтанатты жиынның анықтамасы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдуалиева Б.М.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив