27
март
2018
Қамқоршылық кеңесі
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Ойтал ауылы 28.12.2017 жыл
Барлығы: 10
Қатысқаны: 10
Қатысқаны: 10
Күн тәртібінде:
1.Мектеп директорының мектепке көрсетілген көмек туралы бір жылдық есебі.
Тыңдалды:
1. Мектеп директоры Жақсылықова Ғалия Хамидинқызы Қазақстан Республикасы ғылым және Білім министірлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы» ережесін негізге ала отырып, білім мекемесіне көрсетілген көмек туралы бір жылдық есебін берді.
Жарыссөз.
Мектеп директоры Қамқоршылық кеңес мүшелері алдында мектепке демеушілік көмектер көрсетілгені бойынша бір жылдық есебін берді.
Ағымдағы жылы әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету және 1 қыркүйекте мектепке бара алмайтын балалардың әлеуметтік себептерінің алдын-алу мақсатында мектебімізде бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру барысында комиссия құрылғандығын айтты. «Мектепке жол» акциясы барысында 28 оқушыға көмек көрсетілді. Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары, мецинаттарымен әріптестік қарым-қатынас орнатылды,солардың арқасында аз қамтылған отбасынан шыққан жалпы 28 оқушыға 305 000 теңге көлемінде мектеп формалары табыс етілді. Сонымен қатар 15 тамызбен 15 қыркүйек аралығында «Қамқорлық қайырымдылық» акциясы өтті. Акция барысында аз қамтылған 12 балаға 118500 теңге көлемінде аяқ киіммен,мектеп формасы сыйға берілді. Мемлекет тарапынан көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 21 оқушыға сырт киіммен қыстық етіктер алу үшін әр оқушыға он бес мың теңгеден аналарының жеке есеп шоттарына салынып берілді.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мектепке тағзым!» атты облыстық акциясы барысында «Менің сүйікті мектебіме тартуым!» тақырыбында 1964 жылы бітірген мектеп түлегі зейнеткер Самалов Жарбол Қасымұлымен кездесу өткізілді. Мектеп түлегі Самалов Жарбол Қасымұлы мектеп кітапханасы қоржынына отыз әдеби кітаптар сыйға тартты.
Мектепте білім алып отырған бірнеше ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасынан шыққан және көпбалалы отбасынан шыққан балаларды аяз атаға тілектері жазылған конверттерін мектептің әлеуметтік педагогтары тарапынан жинақталды. Балалардың тілектері мектеп әкімшілігімен талқыланып, әлеуметтік мәртебелері бойынша тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан балалардың тілегі бірінші кезекте орындалды. Кезекшілер тарапынан акцияға қатысқан әр бір демеуші азаматтар тіркеу журналына жазылды. Демеушілер шыршаға ілінген хаттарды өз қалауларынша таңдап алып, оқушылардың тілектерін орындап, қуанышқа бөледі. Жалпы акцияға 2 демеуші 42 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Шешімі:
1. Мектеп директоры Жақсылықова Ғалия Хамидинқызы қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мектепке демеушілік көмектер көрсетілгені бойынша бір жылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелінді.Қамқоршылық кеңес төрағасы: Көшербаев М.
Хатшы: Асықбаева С.
Мүшелері: Қашқынбаева М.
Стыбаев М.
Мамедов Қ.
Тупбеков Е.
Мырзабеков Ж.
Сұлтанбекова А.
Тәукебаева Р.
Хатшы: Асықбаева С.
Мүшелері: Қашқынбаева М.
Стыбаев М.
Мамедов Қ.
Тупбеков Е.
Мырзабеков Ж.
Сұлтанбекова А.
Тәукебаева Р.

