09
сентябрь
2025
«Білім алушылардың жеке бас гигиенасы мен сынып бөлмесінің санитарлық жағдайын тексеру»

Мақсаты: Білім алушылардың жеке бас гигиенасын, денсаулықтарын, тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу. Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде мұғалімдермен бірге мектеп медбикесі омыртқаның қисаюын болдырмау және дұрыс қалыпты сақтау үшін парталарды балалардың бойына қарай реттеп, отырғандықтарына көңіл бөлді. Мектеп медбикесі сынып бөлмесінің санитарлық жағдайын, тазалығын, белгілі бір температураны және мектеп оқушыларының жұмыс орындарының жарықтандырылуын қарап шықты. Сонымен қатар білім алушылардың киімдерінің, жеке бас тазалықтарын тексере отырып, күніге осылай таза, ұқыпты жүру керек екендігін ескертті