«Ашық есік» күні
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-8 сынып ата-аналарымен 2024 жылдың 24 сәуір күні мектептегі тегін ыстық тамақпен қамтылған білім алушылардың ата-аналарымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Сәуір айында жалпы 487 білім алушы ыстық тамақпен қамтылды. Санаттағы білім алушылар саны-163. Бастауыш сыныптар бойынша-64, 5-11 сыныптар бойынша -99.
Мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан және 1-4 сынып білім алушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау.
Мектеп асханасында беріліп жатқан бірмезгіл тегін ыстық тамақтың сапасын, сол күнгі ас мәзіріне сәйкестігін, асхананың санитарлық талаптарға сай екендігін ДОІЖО К.Утегенова, әлеуметтік педагог М.Джунусова ата-аналар,ата-аналар комитетінің төрайымы А.Сұлтанбеков, комиссия мүшесі К.Абдиева қарап шықты.Асханада тиым салынған заттар сатылымға қойылмаған. Асханадағы балаларға ыстық тамақтануды ұйымдастыру жұмысы жақсы дейгейде. Мектеп әкімшілігі өз уақытында кезекшіліктерін атқарады. Ыстық тамақты сапалы, дұрыс ұйымдастыру жұмысы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады.