«Ашық есік» күні
Ағымдағы жылдың 5 қазан Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында белім алушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан білім алушылардың және 1-4 сынып білім алушыларының бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған ас мәзірінің сәйкестігі, сапасы, асхананың санитарлық талапқа сай жағдайын анықтау.
2023 жылдың қазан айында санат бойынша жалпы 88 отбасынан 211 білім алушы. Бастауыш сыныптар бойынша-391 білім алушы ыстық тегін тамақпен қамтылды.
«Ашық есік» күніне кесте бойынша 1-4 сынып ата-аналары келіп, асхана жағдайымен танысты.2023-2024 оқу жылында мектептегі аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан білім алушылар және 1-4 сынып білім алушылары «Ашық есік» күніне мектепке келген ата-аналар,ДОІЖО Утегенова К.И. мектептің әлеуметтік педагогтері Саимова Г, ата-ана комитетінің төрайымы Сұлтанбекова А, ата-аналармен бірге мектеп асхана ішін аралап, балаларға беріліп жатқан тамақ мөлшерін, санитарлық тамақтардың сақталуын,жалпы асхана жұмысымен танысып шықты. Балаларға сол күнгі ас мәзіріне сәйкес беріліп жатқан тамақты көріп, өз ризашылықтарын білдірді.