22
ноябрь
2022
«Отбасы тәрбиесіндегі қамқорлық мәселесі» тақырыбында дәріс оқыды
Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру,бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру мақсатында 22 қараша күні мектепалды даярлық тобының оқушыларының ата-аналарымен мектеп психологтары Н.З.Исаева мен А.Т.Назаралиева «Отбасы тәрбиесіндегі қамқорлық мәселесі» тақырыбында дәріс оқыды. Мектеп медбикелері: А.К.Мамедова мен А.Манапбаева «Тұмаудың алдын алу жолдары», күнделікті өздерімен бірге таза, қайнаған ауыз су алып жүру керектігі, әр оқушының жеке бас гигиенасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

