28
январь
2025
Сапалы білім -тиімді жоспар, нәтижелі сабақ


Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖОББМ 23-қаңтар күні "Сапалы білім -тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында 2"Ә" сынып жетекшісі Халмуратова Г.С математика сабағынан "Бөлу амалының компоненттері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар "Қаламсап" әдісі арқылы топқа бөлінді. Сыйқырлы қаламдардың түстері арқылы өткенді қайталап, әр түстің сұрақтарына берілген үй тапсырмасына жылдам жауаптар алынды. "Bilim class"әдісімен бағаланып, "Болжау" әдісі "QR код" арқылы жаңа тақырыпты оқушылар ұялы телефондарымен ашты. Бейнекөрініс арқылы бөлу компоненттерімен танысты. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, қызықты әдіс тәсілдер қолданды. "Білім сандығы" әдісімен топтық тапсырмалар орындап, "instagram, telegram, tik-tok", желісіне өз жұмыстарын жүктеді. "Эстафета" әдісі арқылы жеке жұмыста бөлу амалын орындап, сыйлықтар, қаламсаптар ұтып алды. "Киндер" әдісі арқылы бөлу амалын орындап сабақты қорытындылады. Әр тапсырма соңында "Bilim class" әдісі арқылы бағаланып "Bilim class "арқылы кері байланыс берілді. Дарынды балалар жұмысы орындалып, бағаланды.