18
январь
2025
"Менің қауіпсіздігім"

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 16 қаңтар күні "Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында 3"Ә" сынып жетекшісі Турениязова З.М. дүниетану пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: "Менің қауіпсіздігім".
Мақсаты: Графикалық белгілердің көмегімен техникалық құралдарды пайдалану ережелерімен танысу.
Ең алдымен ұйымдастыру кезеңі жүргізілді. Үй тапсырмасын сұрауда "Шаңырақ" әдісі қолданылды. "Ой ашар" әдісімен жаңа тақырып анықталды.
Жасанды интеллект арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашты. "Тәжірибе алаңы" айдарында тәжірибе жасап, "От неден қорқады?" деген сұраққа нақты жауап алынды. Жұптық жұмыс "Жұбыңмен ойлас", топтық жұмыс "Өзім құрастырамын" әдістері арқылы жүзеге асты. Жаңа тақырыпты бекіту "Өрт сөндіруші" әдісімен кері байланыс "Электр қуаты" әдісімен жүргізілді. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақ қызықты өтті.