23
январь
2024
“Менің қауіпсіздігім” тақырыбында ашық сабақ өткізді
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы жане 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық “Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ” атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Тұрар Рыскұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 “Б” сынып мұғалімі Қалабаева Ұ. дүниетану пәнінен “Менің қауіпсіздігім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында мұғалім сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып, “Аспалы шам” әдісі арқылы суретте жасырылған шұғыл қызметтердің номерлері бойынша үш топқа бөлді. “Менің қауіпсіздігім” тақырыбында бейнежазба арқылы балалар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтады. Топтық жұмыста “Аспалы шам” әдісі арқылы балалар электр қауіпсіздігі ережелерін құрастырды. Жұптық жұмыс “Ойлан, бөліс” әдісі арқылы ұйымдастырылды. Суреттегі бейнелердің дұрыс - бұрыстығын анықтау мақсатында әңгіме - сұхбат жүргізді. Әр тапсырмадан соң мұғалім оқушыларды бағалап отырды. Тапсырмалар мақсатқа сай құрылған. Сабақ барысында жаңа форматтағы әдіс - тәсілдер қолданылды. Сабақ мақсатына жетті. Балалар сабаққа белсене қатысты.





