23
январь
2024
“Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есеп ерду салыстыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді
Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы жане 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында аудандық "Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ" атты ашық сабақ айлығы жоспары аясында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Тұрар Рыскұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “В” сынып мұғалімі Нұрмақсұт А.Е. математика пәнінен “Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есеп ерду салыстыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында балалар “Қоңыз” әдісі арқылы үш топқа бөлінді. “Сиқырлы қалпақ” әдісі арқылы үй жұмысы тексерілді. Балалар мұғалімнің көмегімен сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтады. “Чикен” әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырылды. Балалар бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді шығарып, талдап, бірін - бірі бағалады. Топтық жұмыс “Қазақ үй, ою, бүркіт” әдісі арқылы орындалды. Үш топқа қозғалысқа берілген есептерді шешу бойынша тапсырмалар берілді. Топтар бірін - бірі бағалады. “ Шар жинау” әдісі арқылы жеке жұмыс ұйымдастырылды. Балалардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында тест тапсырмалары орындалды. Сабақ өз мақсатына жетті. Балалар сабаққа белсене қатысты.







