22
февраль
2022
Ауғанның отты жалыны
Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, ағалар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу қасиеттерін арттыру, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге , есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың 22 ақпан күні мектебімізде «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысын көзбен көрген майдангер жерлестеріміз Абилхаиров Серік, Ауғанов Бағдаулет, Бейсенбаев Өсербай сынды ағаларымыз қатысты. "Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі" десек, өз елінің тыныштығы мен ұрпағының амандығы үшін төсін оққа қарсы қойып, ерлік жасаған батырлар қашанда үлкен құрметке ие. Кеш соңы өнерпаз оқушылардың концертімен аяқталды.



