05
май
2021
"Ұранды ердің-ұрпағы қайсар" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
021 жылдың 4-5 мамыр күндері Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту, өз Отанын, туған елін қорғай білуге, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту мақсатында 1-10 сыныптар арасында "Ұранды ердің-ұрпағы қайсар" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!




