25
сентябрь
2019
«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған »
Адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек. Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың батырлығын дәріптеп, кішіге үлгі ету мақсатында 2019 жылдың 25 қыркүйек күні Ауған соғысы ардагерлері және Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖББМ әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған» атты Рафальский Сергей Николаевичке еске алу салтанатына арналған іс-шара өтті.


