26
ноябрь
2021
«Еңбекпен өрілген өмір»
Ағымдағы жылдың 26 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Еңбекпен өрілген өмір» атты мектеп түлектерімен «Түнгі студия» бағдарламасы аясында кездесу өтті. Кездесуге қонақ ретінде шақырылған «Меркі шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары, «Нұрлы» білім беру орталығының басшысы- Қасым Марат Жарылқасынұлы, аудандық бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау және ішкі аудит жөніндегі орынбасары Абдикаримов Рахат Бериказиевич және танымал әнші, асаба- Ерсін Байділда. Сонымен қатар «Ойтал» ауылдық округінің әкімінің орынбасары- Шакибаев Қанат Боранбаевич, аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы, зейнеткер-ұстаз - Жақсылықова Ғалия Хамидиновна, «Желтоқсан ардагері» иегері- Жуанышова Гүлмира Қуанышбайқызы, ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы- Сұлтанбекова Айнур Амантаевна, мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуді жүргізген мектебіміздің білікті ұстаздары- Б.Байназаров пен Н.Исаева бұл жүздесудің мән-маңыздылығына тоқталды. «Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал түлектердің туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу болып табылды. «Туған жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Осы мақсатта Марат Жарылқасынұлы Тәуелсіздік алғалы еліміз биік белестерді бағындырып, қарыштап дамып келеді. Тәуелсіздік ұрпақтары – белсенді, білімді, жан-жақты және олардың патриоттық рухы жоғары,- деп өз сөзінде жастарға қолдау көрсетіп, өзінің жеткен жетістіктерін айтты. Келген қонақтарға тарту ретінде мектебіміздің өнерлі де дарынды жастары- Қойшыбай Ұ «Армандамын», Раймаханова С, Пернебай Б «Туған ел», Жаңабай Н «Ұстазым» атты әсем әндерін тарту етті. Сонымен қатар мектебіміздің танымал түлегі- PaperLab тәуелсіз зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтанушы, қоғамдық пікірді зерттеу саласының маманы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD үміткері, Болашақ президенттік стипендия иегері, АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен, бірнеше ғылыми мақалалар авторы- Серік Бейсембаев Несіпқұлұлы ZOOM арқылы байланысқа шығып, кездесуге келген қатысушыларға өзін таныстыра кетіп, ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен барша қонақтарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм түлегі ретінде өз мектебін мақтаныш ететінін жеткізді. Кездесу барысында онлаин құттықтауларға кезек бере отырып, ауданымыздың танымал тұлғалары- Бағдат Самединова мен Мадияр Ашкеевтің өскелең ұрпаққа жол сілтеп, алдыға қойған асқақ армандарына қол жеткізулеріне себеп болатындай еліміздің туын көкке көтеріп жүрген танымал тұлғаларының тілектері жастарға арқау болады деген сенімдеміз. Іс-шара барысында «Ойтал» ауылдық округінің әкімінің орынбасары- Қ.Шакибаев, зейнеткер ұстаз- Ғ.Жақсылықова ойларын ортаға салып, қонақтарымен бірге жеткен жетістіктерін ортаға салды. Ал мектеп директоры Н.Талантұлы осындай іс-шараға келген қонақтарға ризашылығын айтып, бұл алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынына сенім білдірді. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,- демекші бүгінгі таңда білім алып, өмірден өз орындарын тауып, мамандық иелері болып отырған әрбір тұлға мектеп түлектеріне әрқашанда үлгі, өнеге болары сөзсіз.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдуалиева Б.М.




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдуалиева Б.М.




