08
декабрь
2021
Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «1986 жылғы Желтоқсан куәгерлері» тақырыбында кездесу
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «1986 жылғы Желтоқсан куәгерлері» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Желтоқсан ардагері- Жуанышова Гульмира Қуанышбайқызы мен Лескенова Зауре Шамшаевна және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында Қазақстан тарихындағы ең маңызды кезеңнің куәгерлері, елімізге егемендік сыйлаған сол кездегі өрімдей қазақ жастары бүгінгі Тәуелсіздік ұрпақтарының «Қазақ жастарын алаңға қандай күш айдап барды?», «Орталық алаңдағы көтеріліске қатысуларының салдары қандай болды?», «Желтоқсан құрбандары өз лайықты бағаларын алды ма?» деген сұрақтарына жауап беріп, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар егемен елдің қалыптасу жылдарына арналған бейнеүзіндіні тамашалап, мектебіміздің дарынды жастары өз өнерлерін ортаға салды және мектеп президенті- Махтабай Ұлдана «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында баяндама жасады. Биыл қастерлі тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Отыз жыл ішінде еліміз етек-жеңін жиып, шегарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан жалғасып келе жатқан ұлы жеңістің жемісі, – деп директордың тәрбие орынбасары Б.Абдуалиева бүгінгі кездесуге қорытынды жасап, отыз жылда жеткен жетістіктерді саралап, болашақ жастарға тәуелсіздіктің қасиетті ұғым екен түсіндірді.






