12
май
2021
«Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында кездесу өткізілді.
Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні "Жомарт түлек" акциясы аясында мектебіміздің түлегі Қасым Марат Жарылқасынұлымен «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектепке деген ыстық лебізін білдіріп, мектеп кезіндегі қызықты оқиғалармен бөлісті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақтағы жоспарлары туралы ой қозғап, ақын- жазушыларымыздың даналы сөздерімен жігерлендірді. Марат Жарылқасынұлы 1982-1990 жылдар аралығында білім алған мектебіміздің түлегі. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1992 жылы «Ботагөз» бала бақшасында мотороллерші болып бастаған. 1998-2007 жылдары Ойтал кенттік әкімі апаратының бас маман қаржы агенті, 2007-2008 жылдары Меркі ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2008-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016-2020 жылдары аралығында Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2020 жылы қазан айынан бастап «Меркі шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқаруда.






