04
апрель
2018
Мейіркүл Әбжанқызы Қалдыбековамен өткен кездесу
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында жергілікті ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі «Меркі ақиқат» газетінің қызметкері Қалдыбекова Мейіркүл Әбжанқызының қатысуымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбындағы поэзия кеші өтті.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,ақындығымен танымал, қаламынан жыр,жүзінен нұр төгілген аяулы әже, ардақты ана, халқы сүйген ақын қызы Қалдыбекова Мейіркүл Әбжанқызы осы салада жиырма бір жыл еңбек етіп келеді.Журналистика саласында жемісті еңбек ете жүріп, «Өлеңге әркімнің ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы Іші – алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы...»,-деп ұлы Абай айтқандай,жыр жазуын жалғастырып, «Арман - елік» , «Перне көңіл» атты жыр жинағын жарыққа шығарды.
Осы кешті ашу үшін аталған мектеп директоры Жақсылықова Ғалия Хамидинқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Бекзат Макенқызы жылы лебізді сөзін білдірді,көп жылдар бойы ұстаздық етіп келе жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рай Ырзакүл Аңламасқызы ақынға арнаған арнау өлеңін оқыды.
Кездесудің «Поэзия минуты» бөлімінде Досжанұлы Қайсар «Жаңбыр жырды ұрттадым» , Нобад Асылхан «Ақпанда»,Сатымбай Диана «Анашым»,Кеңесбай Мөлдір «Сары жапырақ»,Мақтабай Ұлдана «Наурыз» ақын өлеңдерін оқыды. Ақын апайымыздың жолын қуып,ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген шәкірттеріміз Оңғарбаева Наргиза,Пернеш Жансая,Нағмадин Динара ақынға арнаған арнауларын оқыды.Поэзия кеші әсем әнге,биге ұласты.Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Шығыстың ұлы шайыры: «Ақындарын,әкімдерін іздесе,ондай елдің маңдай соры бес елі,әкімдері ақындарын іздесе,бақыт нұрын кешеді» десе,атақты Наполеон Бонапарт: «Феодализмді құртқан зеңбірек,адамзат пен қоғамның ендігі тағдыры қаламға байланысты.Қаламнан қуатты қару жоқ.Әлемді билейтін-сөз,сөзді билейтін-ақын»деген екен.Кездесуде ақынның өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып,таныстырылды.Ақын өміріне қызығушылық танытқан оқушылар өз сұрақтарын қойып,жауаптар алды.Поэзия ғашық жүректен туады.Ақындық тума талант,құдіретті өнер.Мейіркүл апай оқушыларға жылы лебізін білдіріп, «Қонақ кәде» ретінде қаламынан жаңа туған өлеңін оқып берді.Жыр сүйер қауым осындай әдемі кештен жағымды әсер алып,әсем жыр тыңдап,көңілі көтеріліп қалды.Біз апайымыздан әлі де болса жаңа,көптеген жырлар күтеміз,дені сау, халыққа берері көп болсын.
