14
декабрь
2021
«Біз тәуелсіз елдің болашағымыз!» атты мерекелік
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні мектебімізде «Біз тәуелсіз елдің болашағымыз!» атты мерекелік шара өтті.Мерекелік кеште мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы келген ата-аналар мен қонақтарды ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табысқа жеткендігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты мен қамқорлығының нәтижесінде тәуелсіздік жылдарындағы мектебіміздің жетістіктері мен атқарылған игі істерге тоқталды.
Салтанатты кешке «Ойтал» ауылдық округінің әкімінің орынбасары- Шакибаев Қанат Боранбаевич, мектеп әкімшілігі және құрметті ата-аналар қатысты. Мерекелік бағдарлама ҚР Мемлекеттік Гимнінен бастау алып, қазақтың әсем әндерімен және тәтті күйлерімен жалғасын тапты. Әсіресе, «Тәуелсіздік үшін күрес» атты 4 «А» сынып оқушыларының орындауларындағы театрландырылған көрініс кешке жиылған қауымның көңілінен шықты.

Кеш барысында орындалған «Көк тудың желбірегені», «Алға, Қазақстан», «Елім менің» және «Жаса, Қазақстан!» сияқты патриоттық тақырыптағы әндер залда отырған көрермендерге рух беріп, тамаша бір сезімге бөледі.
Мерекелік шараның соңында мектебіміздің директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы барша қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, мектеп әкімшілігі атынан құрметті ата-аналарға мектеп өміріне белсене қатысып, елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ең үздік 30 отбасы» номинациясымен марапаттап, алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ олардың жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.