09
декабрь
2021
1-11 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан», «Тәуелсіздік тұғырым», «Туы биік туған елім» атты сынып сағаттары өтті.
Қазақ мемлекеттілігінің дамуындағы басты тарихи кезеңдерді, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді, ел бірлігін нығайтқан құндылықтар мен идеяларды насихаттау мақсатында 1-11 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан», «Тәуелсіздік тұғырым», «Туы биік туған елім» атты сынып сағаттары өтті. Атап өтсем, 8 «А» сынып жетекшісі- М.Жамашов «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік, отансүйгіштік», 2 «Б» сынып жетекшісі- Қ.Закирова, 3 «Д» сынып жетекшісі- А.Умерханова, 3 «Г» сынып жетекшісі- Д.Тажибаева, 2 а,ә сынып жетекшілері-Ғ.Сарсебаева, Г.Асанқұлова «Менің Отаным-Қазақстан», 8 «В» сынып жетекшісі- А.Пренов «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік, отансүйгіштік». Мұнда оқушылар топтық жұмыстар орындап, мемлекеттік рәміздерімізді суреттеп, бейнерөликтер тамашалай отырып, өз ойларын ортаға салып, еліміздің тарихы туралы ой қозғады. Сонымен қатар мектеп кітапханасындағы еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен танысты.














