29
ноябрь
2021
"Елбасы ел тірегі, ел сенімі"
Мектебімізде ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 1-4 сыныптарда «Әлем таныған кемел тұлға», 5-7 сыныптарда «Ғасырдың ғажап азаматы», 8-11 сыныптарда «Елбасы ел тірегі, ел сенімі» атты сынып сағаттары өтті. Мұнда «Кім көп біледі?» тапқырлық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, бейнедеректер көрсетілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Тұңғыш Президент күніне арналған тақпақтар айтылып, ән шашу орындалды. Оқушылар Тұңғыш Президент туралы толық мағлұмат алды. Сынып сағаттары оқушыларға қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық сезімді қалыптастыруға ықпал етті.








