29
ноябрь
2019
«Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы»
29 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» атты салтанатты жиын болды. Жиында мектебіміздің өнерлі де дарынды оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер орындады. 
5-8 сын «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақтарда оқушыларға таныстырылымды (бейнероликті) көрсетті. Оқушыларды топтарға бөліп «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» деп аталатын шағын викториналар өткізіліп, «Көшбасшының жолы» деген тақырыптарда үздік шығармалар конкурстары болды.

