20
октябрь
2021
Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым!
Ағымдағы жылдың қазан айында Тәуелсіздіктің туын биік ұстап, мемлекеттік рәміздерімізді әрқашан мақтан ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде “Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым! “ атты 9-11 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Іс-шара барысында, оқушыларға Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері жайлы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар сұрақ-жауап арқылы “Сандар сөйлейді” пазлын құрастырып, рәміздердің авторларын ұмытпау үшін сәйкестендіру арқылы авторларды белгілей білді. Рәміздер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, патриоттық сезімдерін көрсетті. 5-8 сыныптар арасында «Рәміздер-рухымыз, ар ожданымыз» атты ақпараттық сағатында ел рәміздері мен рәміз танушы туралы жан-жақты әңгіме болды. Мұндай игілікті іске ұйытқы болған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы екенін айта кетелік. Білім алушылар бұл шарада Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы, көрнекті сәулетші Жандарбек Мәлібеков рәміздеріміз туралы ой қоз¬ғап, бұл елдік іске Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегі сіңгенін атап айтты. «Мәселен, бір ғана детальды айтар болсам, кейбір халық қалаулылары Елтаңбаның жоғары жағында тұрған жұлдызға күдікпен қарағанда, Президент ұлтымыздың жұлдызың жансын, жұлдызың жоғары болсын деген сөздерін дәйекке келтірді. Мүйіздегі жеті сақинаға да ерекше мән бергені есте. Ал Туға келгенде әркез бір түс¬ті болса дегенді тілге тиек етіп жүрді. Бүгінгі көк Туымыз желбірегенде оны құп алып, ұлттық орнаментті ұсынғаны халықтың есінде. Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің әлемдік аренадағы беделі артты. Осы орайда мектебіміздің «ЖасҰлан» балалар ұйымының оқушыларымен «Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны» тақырыбындағы акция өз жәрежесінде өтті. Көк Ту астында берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз, Тәуелсіздігіміздің абыройы саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін!








