17
август
2021
Жаңа оқу жылына дайындық!
Жаңа оқу жылына дайындық!
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм жаңа оқу жылына дайындық барысы қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 110 оқушы қабылданды. Педагогтартардың 94,7 %-ы, кіші қызметкерлердің- 98%-ы короновирусқа қарсы екпе салдырды. Мектептің педагогтары мен кіші қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтай отырып, сондай-ақ «Ashyq» жүйесі арқылы жұмыс істеуде. Мектептің ақпараттық стендтері жаңартылып, талапқа сай безендірілді. 1-11 сынып оқушыларына қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі оқыту форматында мектеп табалдырығын аттамақ. 1 қыркүйекте болатын салтанатты іс-шара мектеп аумағында тек 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылып, оларға «Әліппе» оқулығы табысталады. 2-11 сынып оқушылары сыныптарда білім сабағына қатысады. Сабақтың ұзақтығы 45 минут болып бекітілді. Оқушылар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильде келу туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп фоэсіндегі теледидардан мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың санитарлық талаптардың қатаң сақталуы туралы бейнеүндеулер дайындалды.