16
октябрь
2020
«1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі» тақырыбында ата-аналармен өткізілген конференция
Конференцияны ДОІЖ орынбасары К.И.Утегенова бастап, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Балалардың кезекші сыныптарда оқытылу жағдайымен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, балалардың мектепке бейімделуі туралы айтып өтті. Мектеп психологтары А.Т.Назаралиева ,Н.Н.Копурбаева «1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі» тақырыбында ата-аналармен конференция өткізді. Конференцияда ата-аналарға баланың мектепке бейімделу кезінде қандай күй кешетінін, мектепте оқуды бастау – әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан да, физиологиялық тұрғыдан да балалардың өміріндегі ең күрделі және жауапты сәттердің бірі екенін, 7-жастағы баланың бойындағы дағдарыс ерекшеліктерімен таныстырды.
Бірінші сынып оқушысының бейімделуі 2 аптадан 6 айға созылуы мүмкін.
Бейімделу үзақтығы келесілерге байланысты:
баланың өзіндік ерекшеліктері
мектепке дайындық деңгейі
әлеуметтік дағдыларының даму дәрежесі
ата-анасының көзқарасы әсер ететінін айтып өтті.Сонымен қатар ата-ана ретінде балаларға үйде «Қабылдау мен махаббат ортасын» қалыптастыру туралы ақпараттар берді.
Көңіл қуантар таң
Күннің ойдағыдай аяқталуы
Отбасы мүшелері арасындағы атмосфера
Бірге атқаратын істер мен оқиғалар
Үйдегі барлық жанжалдарға баланы қатыстырмау т.б.Конференция соңында мектеп психологтары тарапынан жүргізілген «КЕРН ИЕРАСИК» тестінің қорытындысымен таныстырылды.
Мектеп психологтары: А.Т. Назаралиева
Копурбаева Н.Н.




