13
февраль
2024
«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Тілеухан Бағдаулет Мамырханұлы және Меркі ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ қызметкерлері, мектеп директорының құқықтық тәрбие орынбасарлары, мектеп психологтары және ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты.Терроризмге қарсы қорғалуы бойынша және халық арасында деструктивті діни идеологиянының таралуына жол бермеу керектігі, ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді. Шара барысында «Қауіпті болдырмау қадамы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Семинар соңында Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері С.Раптаева діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға зияны мен радикалды идеологияның қауіпі туралы баяндап, «Бала қауіпсіздігі» мәселесі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуын ұсынды.



