10
ноябрь
2022
“Жаңа заманның талабына сай маман атану- табысқа жеткізетін жол” тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Жаңа заманның талабына сай маман атану- табысқа жеткізетін жол” тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 9 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орты білім беретін мектеп-лицейінде “Жаңа заманның талабына сай маман атану-табысқа жеткізетін жол “ тақырыбында кәсіптік білім беру мамандарының ұйымдастыруымен семинар-практикум өтті. Аталған семинар-практикумға №7, №20, №48 және мектебіміздің 11-сынып оқушылары қатысты. Семинар-практикумның мақсаты: білім алушыларға жаңа ғасырдағы, жаңа мамандықтар, елімізге сұранысы бар мамандықтар туралы ақпараттандыру арқылы кәсіптік бағдарлауды жетілдіру.
Аталған семинар-практикумға ауданымыздағы халқына қалаулы, еліне елеулі тұлғалар, жеке кәсіпкерлер қатысты. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімінің әдіскері-Раптаева Сәуле Муратбековна, “ЖШС Наурызбай-К басшысы - Аубакирова Алия Наметхозиевна, “Меркі ақиқат” газетінің бас редакторы, аудандық ардагерлер қоғамының мүшесі-Құралбаев Серік Құралбайұлы, шекара қызметі жауынгерлік кезекшілік және ахуалдық ақпараттандыру бөлімінің аға офицері - Нурманов Ерсұлтан Мұратұлы, “ЖК-Сиргелбекова” басшысы, жеке кәсіпкер-Сиргелбекова Сабыркул Асылбековна, Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының мұғалімі- Уталиева Дина Аскаровна қатысты.
Қонақтарымыз оқушыларға мамандық таңдау жолындағы қиындықтар мен оның шешу жолдары жөнінде өз ақыл-кеңестерін айтты.
Семинар-практикум жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CkxSjFOgUFc/?utm_source=ig_web_copy_link