01
февраль
2019
Аудандық семинар-практикум өтті
Мектебімізде халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында «Халықаралық зерттеу:дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-практикум өтті.
Алғы сөзді аудандық білім бөлімінің әдіскері Карабаева Айша Досалиевна алды. Ол қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап ететіндігі туралы сөз сөйледі.
Екінші болып мектеп директоры Жақсылыкова Ғ.Х. сөз алды.Ғалия Хамидинқызы семинар-практикумға келген үйлестіруші ұстаздарға амандаса отырып, семинарға белсенді түрде қатысуларын, көкейкесті мәселелері болса ортаға салуларына зор мүмкіндік бар екендігі туралы да атап өтті.

Семинар барысы бойынша мектеп психологы Исаева Н.З. «Халықаралық зерттеу маңыздылығы–уақыт талабы» тақырыбында тренинг өткізді.
Содан кейін ТИМС-2015жылы қандай нәтижелер көрсеткендігін «ТИМС туралы ақпарат» тақырыбында келесідей бейнекөрініс көрсетті.
Мектеп үйлестірушісі Демесінова С.Д. «Халықаралық зерттеу: дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасын ортаға салды.
Баяндама барысында мектеп үйлестірушісі халықаралық зерттеулердің барлығына тоқталып, олардың мақсаттарын, ерекшеліктерін атап берді.Қазақстанның халықаралық зерттеулерге неліктен қатысатынын, зерттеулердің бағалануларын, оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асатындығын да атап көрсетті.Сонымен қатар халықаралық зерттеулердің – оқушылардың түрлі салалардағы машығын анықтайтын маңызды әдістері мен TIMSS-2019 халықаралық зерттеуінің жоспары мен жіне 4,8- сынып оқушыларынан алынған тесттердің сараптамаларымен де бөлісті.
«Білім алушылардың ғылыми- жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы шебер – сыныбын биология пәнінің мұғалімі Рысбекова Қ.М. көрсетті. Ол 8-сынып оқушыларын TIMSS халықаралық зерттеулерiне дайындауға арналған жинақ кітапшасындағы тапсырмаларды орындаудағы мұғалімнің шеберлігі жайында тілге тиек етті.Қарлығаш Максимовна жинақтың бірінші бөлімінде «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндерінен болса, екінші бөлімінде «Математика» пәнінен тапсырмалар берілгендігі жөнінде атап кетті.
Бастауыш сынып мұғалімі: Халмұратова Г.С. «Бастауыш сыныптарындағы халықаралық зерттеулер тапсырмалары - сауаттылық арттырудың тиімді жолы» тақырыбындағы шебер - сыныбында халықаралық TIMSS тапсырмалары көбіне математика-жаратылыстану бағытында ұсынылды. Сондықтан оқушылардың математика пәнімен қатар, дүниетану пәнінен де логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға болатындығы туралы мағлұмат берді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бейсебаева Ф.І. «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбындағы коучинкте семинарға қатысушы мұғалімдерді «PISA», «TIMSS», «PIRLS», «ICILS» ,- деп төрт топқа бөліп, әр топқа функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалыр беріп, солардың шешімін талқылатты.

Семинар- практикумның соңында семинар жұмысын қорытындылау, пікір алмасу мақсатында аудандық білім бөлімінің үйлестірушісі Қарабаева А.Д. сөз алып, мұғалімдердің ұсыныс, пікірлерімен ойталқы жасады.
Мұғалімдердің көпшілігі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру және дамыту үшін өздерінің пәндерінде практикалық жұмыстарды көбейту керек екендігіне тоқталды.Сонымен қатар осындай семинарлардың жиі болуына ұсыныс жасады.
Тұрар Рысқұлоа атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Демесінова С.Д