20
декабрь
2022
«Физикадан мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» және «Физика сабағында білім беру порталдарын қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Жамбыл облысы ,Меркі ауданы Меркі ауданының білім беру бөлімінің физика,математика пәнінің әдіскері А.Қ.Сақыбайдың ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ -де «ZOOM» платформасы арқылы «Физикадан мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» және «Физика сабағында білім беру порталдарын қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында Асанбай Асқаров атындағы ЖОББМГ-ның физика пәні мұғалімі Э.Қ.Джуанышова «Физикадан мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» , Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ -нің физика пәні мұғалімі Р.Р.Нурмашова «Физика сабағында білім беру порталдарын қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады,өз тәжірибелерімен бөлісті.




