ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
17
октябрь
2023

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        Білім мен ғылым – адамзаттың рухани өрісінің өзегі. Абай айтқандай «ақылға бірлік» қана адамзатты кемелдік шыңына жетелейді.

    2023 жылдың 17 қазан күні Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Тұрар Рыскұлов атындағы №20  жалпы орта білім беретін мектебі базасында  «Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында семинар өткізілді. 

        Меркі ауданы білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Қалдыбай жетекшілігімен жүргізілген семинарда әдістемелік  жоспарды ұйымдастыру және жоспарлау бойынша бағыттар берілді.

      Әдістемелік жұмысын жақсартуда  оқу-тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін  және шеберлігін дамыту, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру мақсатында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директордың оқу және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары М.Алденбаева мен Р.Бабижанова семинар қатысушыларымен  «Әдістемелік жұмыс қызметі» коучинг жүргізді. Коучинг барысында әдістемелік жұмыстың модельдерімен таныстырып, талқылау жұмыстары мен ақпараттық сессия ұсынылды. 

       Пән ұстаздарының кәсіби әлеуетін арттыру және оларды шығармашылық тұрғыдан қолдау мақсатында  ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Арыстанбекова «Үздік педагогтен – үздік тәжірибе» форсайт сессиясын жүргізді.

        Білім алушылардың  зерттеу   мен ғылыми жобалар конурсына дайындайтын жұмыстарды рәсімдеуге байланысты әдіскер Ж.Байтулекова «Ғылыми жобаны жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында таныстырылым жасады.

Семинар жұмысы нәтижесінде тәжірибе таратқан ұстаздарға аудандық білім бөлімінің сертификаттары табысталды.

           Ауқымы кең, тағылымы мол семинарға аудандағы  мектеп директорының оқу ісі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі 32 орынбасары  қатысты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив