23
январь
2024
“Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) бойынша “Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек” тақырыбындағы айлық барысында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні 4 “В” сынып мұғалімі Нұрмақсұт А.Е. математика пәнінен “Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар топтық, жұптық тапсырмаларды орындады. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру үшін шығармашылық тапсырмалар орындатылды. Білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында балаларға тест тапсырмалары таратылды. Тест тапсырмалары талқыланды.





