Қорытынды аттестаттауды өткізу туралы мектеп бітіруші түлектерімен түсіндіру жұмысы
Қорытынды аттестаттауды өткізу туралы мектеп бітіруші түлектерімен түсіндіру жұмысы
2022 жылдың 27 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ директоры Н. Мырзаханов «Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасының» 2022 жылдың 25 сәуірдегі №210-Ө бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылына арналған қорытынды аттестаттауды өткізу туралы мектеп бітіруші түлектерімен түсіндіру жұмысын жүргізді.
Қорытынды аттестаттау өткізудің мерзімдері:
9 сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) қазақ/орыс (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 28 мамыр;
2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
3) орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;
4) таңдау пәні (қазақ және орыс сыныптарында биология, география (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан - 2022 жылғы 6 маусым;
11 сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 27 мамыр;
2) қазақ/орыс (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;
4) орыс тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2022 жылғы 7 маусым;
5) таңдау бойынша пәннен (ЖМБ бойынша қазақ сыныптарында химия, физика, биология, орыс сыныптарында химия, геометрия, физика, ҚГБ бойынша қазақ сыныптарында қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі ) жазбаша емтихан - 2022 жылғы 10 маусым.